Таяу Шығыстағы миссия: бітімгерлер қаза болса қанша төлемақы беріледі?

Ал жарақат алғаны үшін қанша қаражат көзделген?

Қорғаныс министрлігі әскерилер Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгерлік контингенті сапында жүріп жарақат алса немесе қаза болса, қанша төлемақы алатынын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстандық әскерилердің жарақат алуы немесе опат болуы жағдайында отбасы мүшелеріне төленетін қаражат Қазақстан Республикасының сәйкесінше заңнамасына бекітілген. Қазіргі таңда ең ауыр жағдай, яғни, әскери қызметкер опат болған жағдайда төленетін қаражат 60 айлық жалақы мөлшерін құрайды. Сондай-ақ, БҰҰ-ның басшылыққа алатын құжаттарында мұндай жағдай болған жағдайда төленетін сома 77 (жетпіс жеті) мың АҚШ долларын құрайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Ал жарақат алғаны үшін өтемақы денсаулыққа келген зақымның деңгейіне байланысты құбылады.

«Бұл жағдайда жарақаттың күрделігіне және мүгедектіктің деңгейіне қарай Қазақстан Республикасының заңнамасында әскери қызметшінің жарты айлық жалақысынан алпыс айлық жалақысына дейін төленеді. Бұл қаражат заңнамаға сәйкес бюджеттен төленеді. Сондай-ақ, БҰҰ-ның төлемдері де қарастырылған», - деп жазады министрлік.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13