Жапония мен Германия әскери техникаларды жеткізу туралы келісім жасады

Шарт әскери қызметшілер арасында ресурстарды бөлуді жеңілдетуге мүмкіндік береді

Ануар Маратов

Жапония мен Германия әскери техникаларды жеткізу туралы келісім жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Japan Times-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жапония мен Германия Үнді-Тынық мұхиты аймағында Қытайдың күшеюі себепті қорғаныс байланысын нығайтуға тырысады.

Жапонияның сыртқы істер министрі Йоко Камикава мен Германияның Жапониядағы елшісі Клеменс фон Гетце Токиода сатып алу және тоғыспалы қызмет көрсету туралы келісімге (ACSA) қол қойды. Бұл Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері мен неміс әскери күштері арасында азық-түлік, отын және оқ-дәрілерді бөлу процесін жеңілдетеді.

«Екіжақты келісімді Жапония парламенті мақұлдаған жағдайда бірлескен жаттығулар кезінде әр тараптың нысандарын пайдалануға мүмкіндік береді», – дейді Жапония Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Жапония осымен ACSA бойынша Германиядан бөлек, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Канада, Франция және Үндістан елдерімен келісім жасады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13