Қазақстан мен Армения қорғаныс саласында ынтымақтастықты арттырады

2024 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Астанаға Армения Қорғаныс министрі Сурен Папикян бастаған делегация ресми сапармен келді. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік делегация «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Кеңейтілген форматтағы кездесуде тараптар қорғаныс ведомстволары қызметіндегі өзара мүдделі перспективалық бағыттарды талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения Қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

 – Сіздерді қазақ жерінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл сапар Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын дамытуға жаңа серпін беріп, екі елдің ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етеді деп ойлаймын, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Армения қорғаныс ведомствосының делегациясы ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде болды.

Сапар бағдарламасына сәйкес меймандар Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде болып, оқу-материалдық базасымен таныспақ.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13