Қорғаныс министрлігі: Жүзуге тыйым салынған аудандарды нақтылау қағидалары бекітіледі

Өзгеріс оның қайта құрылуына және атауын өзгертуге байланысты

Админ

Қорғаныс министрлігі «Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының 2017 жылғы 16 тамыздағы №455 бұйрығының жобасына өзгерістер дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нормативтік құқықтық актіде жүзуге тыйым салынған ауданның ескерту белгілері (қоршаулары) мақсатқа сай емес болса алынып тасталады. Мұндай өзгерісті енгізу жүзуге тыйым салынған аудандардың шекаралары теңіз навигациялық карталарында және теңізде жүзуге арналған құралдарда көрсетілгендіктен туындап отыр. Мұндай аудандарға қатысты өзгерістер теңізшілерге берілетін хабарламаларда жарияланады.

Жүзуге тыйым салынған ауданның белгіленуі туралы ақпарат алатын лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдар көрсетілген қағидалардың 12-тармағында ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Орталық командалық пункті ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығы болып ауыстырылды. Өзгеріс оның қайта құрылуына және атауын өзгертуге байланысты.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 31 қаңтарына дейін танысуға болады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13