Швеция мен Дания Украинаға әскери техникалар жеткізетін болды

Дания 264 миллион доллар көлемінде көмек бөледі

Ануар Маратов

Швеция мен Дания елдерінің қорғаныс министрлері Украинаны одан әрі қолдау туралы келісім жасады. Атап айтқанда, Киевке Швецияда шығатын CV90 жаяу әскерінің жауынгерлік машиналарын жеткізу қарастырылады, деп Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл Украинаның қорғаныс күштерін Даниямен бірлесіп қолдаудың маңызды қадамы. Біз Украинаға жаңа CV90 жауынгерлік машиналарын жеткізуді қамтамасыз ету үшін өндірістік мүмкіндіктерді пайдаланамыз», - деді Швецияның қорғаныс министрі Пол Йонсон.

Биыл Швеция Украинаға CV90 техникасының 50 данасын жіберді. Бұл техника қақтығыс кезінде жоғары тиімділігін көрсетті. Киев Стокгольмнен осы техниканы қосымша жеткізуді сұрады.

CV90 – Швецияның жаяу әскерінің жауынгерлік машиналар тобы. CV90 сериялық өндірісі 1993 жылы басталды. Барлығы 1170-ке жуық машина түрлі модификацияларда шығарылды, олардың көпшілігі басқа елдерге экспортталады.

CV90 базасында 120 мм тегіс ұңғылы зеңбірегі бар жеңіл танк, сол сияқты арнайы брондалған жауынгерлік машиналар әзірленеді.

Айта кетейік, Пентагон АҚШ-тың Украинаға әскери көмек қоры 30 желтоқсанда аяқталатынын хабарлаған болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13