«Жас дәрігер»: елімізде әскери-патриоттық клуб құрылады

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту мәселесі талқыланды

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі мен Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі өзара ынтымақтастық және «Жас дәрігер» әскери-патриоттық клубын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шарттың негізгі мақсаты – жастардың бастамаларына қолдау көрсету, бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты әскери-патриоттық іс-шараларға кеңінен тарту.

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Асқар Рысбаев әскери-патриоттық клубтар жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін маңызды әлеуметтік-педагогикалық негіз болып саналатынын атап өтті.

– Клубқа он бес студент қосылды. Біз оларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйретеміз. Бұл білім олардың өмірінде пайдалы болуы мүмкін, – деді ол. 

Кездесу барысында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Олардың қатарында кездесулер, спорттық іс-шаралар, түрлі конференциялар, семинарлар мен конкурстар өткізу бар.

Бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Алматы, Талдықорған және Тараз қалаларындағы орта оқу орындарының базасында үш «Жас дәрігер» әскери-патриоттық клубын ашты. Онда әскери дәрігерлер оқушыларға әскери-медициналық даярлық негіздерін үйретеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13