Украина Ресейге қарсы тұру үшін өз зымырандарын жаңғыртып жатыр

«Нептун» зымыраны жердегі нысандарды жоя алады

Ануар Маратов

Украинада  кемеге қарсы «Нептун» зымыран кешенінің жаңа модификациясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы елдің қорғаныс министрінің орынбасары Иван Гаврилюк «АрмияИнформ» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Оның айтуынша, «Ұзақ Нептун» деп аталатын, ұшу қашықтығы ұзартылған зымыранның әзірленуі жүріп жатыр. Иван Гаврилюк басқа ешбір мәлімет айтпады.

«Милитарный» порталының тілшілері кемеге қарсы зымыранның жаңа модификациясы жердегі нысандарды шабуылдауға бейімделеді деп болжам жасады.

Украинаның «Нептун» зымырандары жердегі нысандарға шабуылдайтыны және олардың жауынгерлік қолданылуы туралы алғашқы ақпарат биыл қыркүйек айында пайда болған.

Ол кезде жетілдірілген зымыран Қырым түбегіндегі ресейлік әуе-қорғаныс жүйелерін жою үшін қолданылды.

Енді жетілдірілген зымырандардың қолданылғанын Украинаның қорғаныс министрлігі растады.

Сондай-ақ, Иван Гаврилюк стратегиялық өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп әуе қорғанысы жүйесін нығайту жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, «Бук» және С-300 зениттік-зымырандық кешендерін модернизациялау жұмыстары жүргізілуде.

Р-360 «Нептун» - 5000 тоннаға дейінгі кемелерді жоюға қауқарлы.

2022 жылдың 13 сәуірінде Украинаның әскери-теңіз күштері Ресейдің «Мәскеу» крейсеріне екі Нептун қанатты зымыранымен соққы жасады. Нәтижесінде крейсерде өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Крейсер суға батып кетті.

Айта кетейік, бірер күн бұрын АҚШ сенаты Украинаға 61 млрд доллар көлемінде көрсетілетін заң жобасын бұғаттап тастаған болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13