Қорғаныс министрлігі: Ғимараттар мен үй-жайларды жалға беру ережесі бекітіледі

Бұйрық жобасының толық мәтіні «Электрондық үкімет» порталында жарияланған

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 422 «Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Нормативтік құқықтық актіге бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелген лауазымды адамды айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Ол сондай-ақ жалға алушының жалға берілетін ғимараттар мен үй-жайларды жалға берушіге жалға беру және беру мерзімдерін нақтылайды, коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды төлеу тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 21 желтоқсанына дейін танысуға болады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13