Қорғаныс министрлігі: Алматыда әскери дипломаттар бітімгерлермен кездесті

Бітімгерлік қызметті дамыту перспективалары туралы айтылды

Қазақстанда аккредиттелген әскери атташелер ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына (KAZCENT) барды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери-дипломатиялық корпус өкілдері үшін ұйымдастырылған брифингте Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин KAZCENT-тің қалыптасу тарихы мен бітімгерлік қызметті дамыту перспективалары туралы айтып берді.

Шетелдік қонақтар орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, әскери, полиция және азаматтық персоналдың БҰҰ бітімгерлік операцияларға қатысу үшін тілді үйренуі және бітімгерлерді даярлау процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Одан өзге олар оқу сыныптарын аралап, сабақтарға да қатысты.

Әскери дипломаттар орталықтың қызметін жоғары бағалап, оның жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесін атап өтті.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13