Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

А.Балаеваның сөзінше, заң жобасында бірқатар нормалар ұсынылып отыр

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Масс-медиа» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құжатты таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік органдардың БАҚ-тың ресми сауалына жауап беру мерзімін 7 күннен 5 күнге қысқарту нормасы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарапынан оң бағаланғанын айтып қалды, деп жазады Kazinform.

«Заң жобасында «масс-медиа», «грант», «бірыңғай медиа платформа», «Журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама» деген ұғымдар енгізіледі», – деді министр.

А.Балаеваның сөзінше, заң жобасында мынадай бағыттағы нормалар ұсынылып отыр:

Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына қойылатын ескіру мерзімін үш жыл деп белгілеу; Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуларын қарауды жеті жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қысқарту; Журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы туралы ұлттық баяндаманы дайындау. Баспасөз картасын енгізу; Отандық телерадио хабар тарататын спутниктік операторлардың шығындарының бір бөлігін субсидиялау; 2025 жылдан бастап республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшу; Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою тетігін жетілдіру; Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру.

Депутаттар да, министр де талқылауда айтылған түйткілдер мен ұсыныстарды екінші оқылымға дейін пысықтап, әрқайсысы бойынша ортақ шешім қабылдау туралы пайымға келді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13