Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Ол 1997 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Бас штаб бастығы – ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстан армиясында генерал-майор Мереке Мәтімұлы Көшекбаев әскери училище курсантынан бастап, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі жолдан өтті. Ол әр жылдары жауынгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

1997 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2007 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

II дәрежелі «Данқ» және «Айбын» ордендерімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13