Қазақстанда жыл сайын екі мыңға жуық көлік өртенеді

Көлік құралдарының өртену себептері айтылды

Елімізде жыл сайын орташа есеппен 2 мыңға жуық көліктен өрт шығады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тек 2023 жылдың 10 айында көліктерде 1 811 өрт орын алды. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 14%-ға азайды (2022 ж. – 2 118). ҚР ТЖМ хабарлауынша бұл өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікте, бұл 1 392 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 77%.

Көлік құралдарындағы өрттердің жалпы санының 15-20%-ын құрайды және соңғы жылдары ішінде тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.

Көлік құралдарының өртену себептері:

автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу; қолдан жасалған  газ жабдығын орнату; отын және электр жүйесінің істен шығуы; қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту; қасақана өртеу.

Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргішті ұстауды ұсынамыз.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18