Астанада LRT қашықтан басқару арқылы жүреді

Максималды жылдамдығы – 80 км/сағ

Қазіргі жолаушылар ағынын талдау нәтижесінде LRT-ны тәулігіне 25 мың адам қолданады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің Kazinform тілшісі жолдаған ресми сауалының жауабында айтылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақстандағы LRT-ны салуда CRRC Tangshan Co., Ltd» өндіруші зауыттың «TRITON» моделі қарастырылған. Оның Қытайда 100 жылдан астам тарихы бар. Қуаты 115 KW және максималды сыйымдылығы – 652 адам, максималды жылдамдығы – 80 км/сағ. Құрамдар толығымен автоматтандырылған және пилотсыз, яғни операторсыз қашықтан басқару арқылы жүреді. Қазіргі жолаушылар ағынын талдау нәтижесінде LRT-ны тәулігіне 25 мың адам қолданады деп күтіледі», - делінген хабарламада.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, LRT станцияларында барлық қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптары сақталады.

«Билеттерді сатып алу, автоматтандырылған түрде де, сауда алаңдары мен санитарлық-гигиеналық тораптары бар күту залдары және адамдардың өздігінен шығуына жол бермейтін жүйелер қарастырылған. Станцияға көтерілу үшін эскалаторлар және мүгедек жандар арналған лифттер болады», - дейді ведомстводан.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18