Газа секторына Түркиядан 6 ұшақпен гуманитарлық көмек жөнелтілді

Түркияның ұшақтары Египетке аялдады

Нұрдәулет Кәкіш

Газа секторына гуманитарлық көмек материалдарын тасымалдайтын тағы екі ұшақ Түркиядан жөнелтілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Газаға генератор және медициналық материал тасыған тағы екі ұшақтың Египетке аттанғанын жеткізді.

«Осы соңғы екі ұшақтағы жүк негізінен генераторлар және медициналық материалдардан тұрады. Көмек ұшағының саны осымен алтыға жетті. Біз көмек көрсетуді әлі де жалғастырамыз», - деді министр.

Бұған дейін бірнеше күн бұрын Түркиядан Газаға дәрі және медициналық материал тиеген, ішінде 20 дәрігер бар президенттік ұшақ Египеттің бас қаласы Каирге ұшып барған болатын.

20 түрік дәрігері Египеттің Денсаулық сақтау вице-министрімен кездесіп, Газаға жасалатын көмек тақырыбын талқылады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18