Қазақтың жиһанкез ақсақалы Анкараға аяқ басты

Сәрсенбай Қотырашев Анадолы жерін бел ортадан басып өтіп, Түркияның бас қаласы Анкараға жетті

Нұрдәулет Кәкіш

Қазақтың жиһанкез ақсақалы Сәрсенбай Қотырашев Түркияның астанасы Анкара қаласына аяқ басты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап. 

Былтыр арнайы дайындалып, қазақ даласын шарлаған Сәрсенбай ақсақал биыл бірнеше Балқан, бірнеше Кавказ елін шарлап, Грузияның Батуми қаласынан түрік шекарасына жетіп, Анадолы жерін бел ортадан басып өтіп, Түркияның бас қаласы Анкараға аяқ басты.

Жиһанкезді Анкарада Қазақстан елшілігінің қызметкерлері күтіп алып, өкілетті елші Еркебұлан Сәпиев қабылдады. Әңгімесі тарихқа тұнып тұрған ақсақалмен қазақ жастары да бас қосты. 

Жүрген жерінде сол елдің тұрғындарымен ашық әңгімелесіп,  миссиясын түсіндіріп, барлық адамның ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақсақал жаяу жүрудің пайдасын да айтып жүреді. Жастармен кездесуде ол ел аралап, саяхат жасаудың да қыр-сырын түсіндіріп, өзінің дайындық барысын, жолдағы көрген-түйгенін әңгімелеп берді. 

Ақсақалдың алдағы жылға құрған жоспары қазірдің өзінде дайын тұр. Ол алдағы жолы бағытын ауқымдырақ қылып, жер жаһанды жаяу араламақ.
73 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашев Қазақстанның Атырау қаласынан басталған осы сапарын түріктің Ыстамбұл қаласында тәмамдамақ. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18