Әскерге бармаған, 27 жасқа толған азаматтарға енді әскери билеттер берілмейді

Әскери есебі оның жеке кабинетінде көрсетіледі

Нұрдәулет Кәкіш

Әскери қызмет өткермей, 27 жасқа толған адамдарға бұдан былай әскери билеттерді алу үшін жүгінудің қажеті жоқ. Оларға әскери билеттер берілмейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Sarbaz.kz редакциясының ресми сауалында айтылған.

«Оның орнына әскери міндеттіліктің мәртебесі, әскери есебі оның жеке кабинетінде көрсетіледі», - делінген министрліктің ақпаратында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жұмысқа орналасу кезінде енді әскери қызметке қатысты анықтамалар алу үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Жұмыс беруші бұл ақпаратты өз бетінше көре алады.

«Мерзімді әскери қызмет өткермеген, 27 жастан асқан адамдар әскери билет алмайды. Олардың әскери қызметке мәртебесі Egov.kz порталындағы жеке кабинетте де көрсетілетін болады. Сонымен қатар егер жұмыс беруші E-платформаларына қол жеткізе алса, еnbek.kz және E-kyzmet, сондай-ақ бір рет басу арқылы әскери қызметке қатысты ақпарат ала алады», - дейді мамандар.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13