Нидерланды Украинаға беретін F-16 истребительдерімен Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берді

Нидерланды Қорғаныс министрі Бельгия сияқты F-16 истребительдерін пайдалануда шектеу қоймайтынын мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш

Нидерланды Украинаға сыйға беретін F-16 истребительдерін Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берді. Бұл туралы Нидерланды Қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен Азия қауіпсіздік саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  Politico-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Нидерланды F-16 истребительдерін пайдалануға шектеу қоймайды. Бұл ретте Бельгия истребительдерін Ресей аумағындағы нысандарға соққы беруге пайдалануға тыйым салған.

«Бельгиялық стильде ешқандай шектеу жоқ. Біз басқа да кез келген жеткізілімдегі қағиданы қолданамыз. Яғни оларды Украинаға бергеннен кейін, олар өз ыңғайына қарай қолдана алады», – деді ол.

Нидерланды Украинаға F-16 истребительдерінің 24 бірлігін береді. Бұған дейін Дания да истребительдерді Ресей аумағына соққы жасауға пайдалануға рұқсат берген. Дания, Нидерланды, Норвегия және Бельгия Украинаға 45-тен 60-қа дейін F-16 истребителін жіберуге міндеттеме алған болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13