Иран Израильге қандай қару-жарақпен шабуыл жасады?

«Имад» және «Павех» зымырандары қолданылды

Ирандық БАҚ Израильге шабуыл жасау кезінде қолданылған қару-жарақ тізімін атады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

Иран әскерилері Израильге шабуыл кезінде қолданылған қару-жарақтың толық тізімін жарияламаганмен, есесіне кейбір деректі Иранның мемлекеттік телеарнасы жариялады.

Ұшақ-камикадзе Shahed-136 ұшу қашықтығы 2 мың км және жауынгерлік бөлігі 50 кг;

Ұшыру қашықтығы 1700 км дейінгі «Имад» баллистикалық зымырандары;

30-дан астам «Павех» қанатты зымырандары (ұшыру қашықтығы 1650 км).

ЦАХАЛ мәліметтері бойынша, Иран Израиль бағытында барлығы 300-ден астам нысанды ұшырды, оның ішінде 170-ке жуық дрондар, 30-дан астам қанатты зымырандар және 120-дан астам баллистикалық зымырандар бар.

«Израиль әскери-әуе күштері мен Әуе қорғанысы жүйесі одақтастармен ынтымақтастықта барлық мақсаттардың 99% ұстап алды», деп мәлімдеді ЦАХАЛ ресми өкілі Бригадир Даниэль Хагари.

Ирандық зымырандар мен дрондардың көпшілігі Израильден тыс жерде ұсталды, бірақ кейбірі Израильдің оңтүстігіндегі әскери базаға аз ғана зиян келтіріп, ел аумағына құлады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13