Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 млрд доллар қарыз беретін болды

Ұлыбритания мен Жапонияның кепілдігімен берілетін қаражат Украина бюджетіне осы жылдың наурыз айының соңына дейін түседі

Нұрдәулет Кәкіш

Дүниежүзілік Банктің Директорлар кеңесі Украинаға 1,5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қарызды мақұлдады. Бұл туралы Украина үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

Осы соманың көп бөлігі, яғни 984 миллион доллар Жапония Үкіметінің кепілдігімен, ал 516 миллион доллар Ұлыбританияның кепілдігімен беріледі. Қаражат Украина бюджетіне осы жылдың наурыз айының соңына дейін түседі деп күтілуде.

Қаражат әлеуметтік және гуманитарлық мақсаттарға жұмсалмақ.

«Тартылған қаражат мемлекеттік үкіметті, Украина бюджетін қолдауға және экономиканы қалпына келтіруге, мемлекеттік бюджеттің бірінші кезектегі әлеуметтік және гуманитарлық шығыстарын қаржыландыруға бағытталады», - деді Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко.

«Біз бұл ресурстарды әлеуметтік, гуманитарлық мақсаттар мен қалпына келтіру сияқты ең маңызды бюджеттік шығындарды жабуға бағыттаймыз», - деді Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13