Байден америкалықтардың жеке деректерін Ресей мен Қытайға жіберуге тыйым салады

АҚШ Әділет министрлігіне биометриялық және геномдық деректерді, денсаулық, геолокация, қаржы және басқа да құпия деректерді қорғауды қамтамасыз ету тапсырылады

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ президенті Джо Байден америкалықтардың жеке деректерін Ресейге, ҚХР-ға, КХДР-ға, Иранға, Венесуэлаға және Кубаға беруге тыйым салу туралы атқарушы бұйрыққа қол қояды деп күтілуде. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Hill-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, АҚШ Әділет министрлігіне биометриялық және геномдық деректерді, денсаулық, геолокация, қаржы және басқа да құпия деректерді қорғауды қамтамасыз ету тапсырылады.

Ақ үйдің өкілі бұл шешімнің қажеттілігін АҚШ барлау агенттіктері Американың қарсыластарының стратегиялық ресурс сияқты ақпаратқа деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – белсенділер, ғалымдар, журналистер, саяси қайраткерлер туралы деректерді жинайтын және осы деректерге қол жеткізу арқылы «киберкеңістіктегі зиянды әрекеттермен, тыңшылық пен бопсалаумен» айналысатын елдер.

«Компаниялардың шетелдік барлау қызметтерінің қолына түсуі мүмкін америкалықтар туралы деректерді сату мүмкіндігін болдырмау үшін Әділет министрлігі әкімшілікте алаңдаушылық туғызатын елдерге деректерді беру кезінде делдалдыққа тыйым салуды қарастыруда», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13