АҚШ сенаторы: Трамп одақтастарды отқа тастамайды

Республикашыл сенатор АҚШ-тың одақтастарын сыртқа теппейтініне сендірді

Нұрдәулет Кәкіш

Америкалық сенатор, республикашылдар өкілі Джеймс Дэвид Вэнс АҚШ президенті болып Дональд Трамп сайланған жағдайда НАТО-дағы одақтастарын Америка Құрама Штаттарының сыртқы агрессиядан қорғайтынына сенуге шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

«Әрине, НАТО-дағы одақтастарымызды құрметтейміз, бағалаймыз. Бірақ Еуропа қауіпсіздік мәселелерінде тәуелсіз болуы керек. Трамп осылай айтқысы келген», - деді ол журналистерге Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында.

Вэнс, әсіресе, Германияны өзінің Қарулы Күштеріне көбірек инвестиция салуға шақырды.

«Германия ЖІӨ бойынша әлемдегі бесінші ел болса, ал Ресей тіпті ондыққа да кірмейді. Сондықтан Германияға неге өз қауіпсіздігін жоғары қоятын ел болмасқа?» - деп қосты ол.

Жақында Дональд Трамп қорғанысқа аз ақша жұмсайтын НАТО-дағы одақтастарын Ресейден қорғамайтынын мәлімдеген болатын. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13