Байден еуропалық саясаткерлердің есімдерін тағы да шатастырды – Bloomberg

АҚШ президенті 2017 жылы қайтыс болған Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Кольмен 2021 жылы сөйлескенін айтты

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден еуропалық саясаткерлердің есімдерін тағы да шатастырды. Нью-Йорктегі іс-шарада ол 2017 жылы қайтыс болған Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Кольмен 2021 жылы сөйлескенін айтты. Bloomberg Байденнің Кольді Германияның бұрынғы басшысы Ангела Меркельмен шатастыруы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Агенттік атап өткендей, Байден 2021 жылы G7 саммитін меңзеп отыр. Германияның сол кездегі канцлері Меркель 2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ Капитолийіне жасалған шабуыл туралы айтып, Байденнен Ұлыбритания Премьер-министрінің сайлауын бұзу үшін қауымдар палатасына кіріп кетсе, оның реакциясы қандай болатынын сұраған.

Бұған дейін Байден 1996 жылы қайтыс болған Францияның бұрынғы президенті Франсуа Миттеранмен сөйлескенін айтқан болатын. Байден ол кезде Францияның қазіргі басшысы Эммануэль Макронмен Ұлыбританиядағы G7 саммиті аясында кездесуін меңзеген көрінеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13