Эстонияда орыс тілді сарбаздардың көптігі генералдың алаңдаушылығын туғызды

Ана тілі эстон тілі болып саналмайтын жауынгердің көпшілігі Вирус батальонына жиналған

Эстония қорғаныс күштері дивизиясының қолбасшысы, генерал-майор Вейко-Велло Пальм ел Қарулы Күштерінің батальондарының бірінде орыс тілді сарбаздардың көптігіне алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Sputnik Радио басылымына сілтеме жасап.

Генералдың айтуынша, әскерге шақырылушыларға қызмет орнын таңдауға мүмкіндік беру осындай мәселеге әкеліп отыр.

«Әрине, (Эстонияның Шығыс қалалары – ред.) Йыхви, Кохтла-Ярве және Нарва сарбаздары үйлеріне жақын жерде қызмет етуді жөн көрді. Ал бір сәтте Вирус батальонындағы орыс тілді сарбаздар эстон тілділерге қарағанда көбірек болып шықты. Бірақ қазір біз бұл мәселені шешіп, әскерге шақырылушыларды жан-жаққа жіберіп жатырмыз», - деді ол Sakala басылымына берген сұхбатында.

Вейко-Велло Пальм ана тілі эстон тілі болып саналмайтын жауынгердің көпшілігі Вирус батальонына негізінен Таллин қаласынан келетінін айтты. Дегенмен олармен орыс тілінде сөйлеспейтінін атап өтті қолбасшы.

Бұған дейін Эстония премьер-министрі Кайа Каллас осы елде тұрып жатқан ресейліктерге дауыс беруге тыйым салудың жолын табуға уәде берген болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13