Газа секторында аштық басталды – БҰҰ

Осы айда Газа секторының солтүстігіндегі аумақтарға гуманитарлық көмектің 25 пайызға жуығы ғана жеткен

Админ

Газа секторының кейбір аудандарында аштық басталды. БҰҰ Агенттігі халыққа гуманитарлық көмектің еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге, Газа секторы аудандарына кіру маршруттарын ашуға шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі euronews.com-ға сілтеме жасап.

«Кейбір аймақтарда адамдар аштыққа ұшырап жатыр. Біз оларды қарапайым азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Біз ол жаққа көбірек жүк жеткізуіміз керек. Азық-түліктің шекараға жақын адамдарға ғана емес, Газа секторындағы барлық адамға жетуі үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілуі қажет», - деді БҰҰ-ның Палестина бойынша Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі Самер Әбделжабер.

Бұған дейін хабарлағандай, Газа секторында 2 миллионға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Кейбіреулер қазір азық-түлікке мұқтаж болып отыр. Қыстың кезінде жағдай тіптен нашарлап барады.

Сонымен қатар Израиль билігі қауіпсіздікті ескеріп, жүктерді өткізуден бас тартып отыр. Осы айда Газа секторының солтүстігіндегі аумақтарға гуманитарлық көмек колонналарының 25 пайызға жуығы жеткен.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13