Швецияның қорғаныс министрі соғысқа дайындалуға шақырды

Оның хабарламасын Қарулы күштердің қолбасшысы қолдады

Ануар Маратов

Швецияда қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды екі қызметкері соғысқа дайын болуға шақырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтық қорғаныс министрі Карл-Оскар Болин қорғаныс конференциясында «Швецияда соғыс болуы мүмкін» деп мәлімдеді. Оның бұл сөзін Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы генерал Микаэль Байден қолдады, әрі швед халқы бұл жағдайға моральды тұрғыдан дайын болуы керек екенін ескертті.

Дегенмен оппозициялық саясаткерлер бұл ескертуге қарсылық білдірді.

Бұрынғы премьер-министр Магдалена Андерссон қауіпсіздік жағдайы ауыр болғанымен, бұл соғыс бүгін-ертең болады дегенді білдірмейді деді.

Айта кетейік, Швеция НАТО-ның қорғаныс альянсына кірудің алдында тұр. Швеция бұл ретте Түркия Парламентінің және Венгрияның рұқсатын күтіп отыр.

Украина президенті Владимир Зеленский конференция барысында Швецияны өз елімен және басқа елдермен қару-жарақ өндірісінде жұмыс істеуге және бірге күшейуге шақырды.

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13