АҚШ-та Украинаға жіберілген қаруды ауыстыруға қаражат қалмады – Пентагон

Қару-жарақты толықтыруға қаражаттың болмауы қолдауды уақытша тоқтатуға әкелуі мүмкін екен 

Ануар Маратов

Пентагонның баспасөз хатшысы генерал-майор Пэт Райдер бейсенбідегі баспасөз мәслихатында АҚШ-та Украинаға жіберілген қару-жарақты ауыстыруға қаражат қалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Defence News-ке сілтемемен.

«Бізде ақша таусылды», - деді Райдер тілшілерге.

Райдер мұндай көмекті жіберу үшін 4,2 миллиард доллар қалғанын түсіндірді. Бірақ қару-жарақты толықтыруға қаражаттың болмауы қолдауды уақытша тоқтатуға әкелуі мүмкін екенін меңзеді. Өйткені Пентагон америкаық күштердің жауынгерлік дайындығына қауіп төндіргісі келмейді.

Конгресстегі федералды үкімет бюджеті туралы пікірталастар мен Ақ үйдің Украинаны одан әрі қаржыландыру туралы өтініштері аясында әкімшілік шенеуніктері бірнеше ай бойы осындай нәтиже туралы ескерткен болатын.

Сенаторлар тобы 100 миллиард долларлық шығындар туралы заң жобасын ашудың кілті ретінде қарастырылатын шекара қауіпсіздігі жөнінде келісім тұрғысында келіссөздер жүргізуде. Оның жартысынан көбі, яғни 60 миллиард доллар Украинаны қолдауға жұмсалуы керек.

Желтоқсан айының соңында Пентагон негізінен артиллерия мен басқа да оқ-дәрілерден тұратын 250 миллион долларлық Украинаға 2023 жылғы соңғы көмек пакетін жариялаған болатын. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13