Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы мобилизация туралы заңды сынға алды

Залужныйға қамауға алынғандар мен бұрын сотталғандарды әскерге шақыруды көздейтін нормалар ұнамады

Ануар Маратов

Жоғарғы Рада комитетінің отырысы кезінде Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужный мобилизация туралы заң жобасына қатысты сын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі New Voice of Ukraine-ға сілтеме жасап.  

«Маған адамдар керек. Ресейліктер қазірдің өзінде 400 мың шақырып отыр», - деп келтірді басылым қолбасшы сөзін.

Сондай-ақ Залужный қамауға алынғандар мен бұрын сотталғандарды әскерге шақыруға қарсылық білдірді.

«Әскер жаман адамдарға арналған орын ба еді? Жоқ, олай емес», - деген Залужный мобилизацияланған әр адамның оқуына 80 күн жұмсауға уәде берді.

Комитет отырыстары сенбіге дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Басылымның мәліметінше, Украинада әскер шығыны, жауынгерлер мен техника тапшылығы және әскерге баруға құлықсыз, соғыстан шаршаған қоғамның дағдарысы сезіле бастады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13