«Ислам мемлекеті» Ирандағы жарылыс жауапкершілігін өз мойнына алды

Лаңкестік әрекетті экстремистік ұйымның екі жанкештісі жасаған

Ануар Маратов

«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы Иранның Керман қаласында 100-ден аса адамның өмірін жалмаған жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Лаңкестік әрекеттің сипаттамасын «ИМ» өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өз телеграм арналарында жариялады. Хабарламаларда айтылғандай, «ИМ»-ның екі мүшесі сәрсенбіде Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман қаласында Касем Сүлейманидің зиратына жиналған жұртшылық арасында өздерін жарып жіберген.

«Ислам мемлекетімен» байланысты «Амак» жаңалық агенттігінің мәлімдемесі. Фото: t.me/directorate4

Жарылыстан 100-ден аса адам көз жұмып, 284 адам жараланды. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар.

Жарылыс 3 қаңтар күні Касем Сүлейманидің қабірінің алдында аза тұту шеруі өткен зиратқа кіре берісте болған. Ислам революциясы Сақшылар корпусының (КСИР) командирі Касем Сүлеймани 2020 жылы Бағдад әуежайының маңында АҚШ-тың зымыран соққысынан қаза тапқан болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13