Еуропа елдері Patriot зымырандарын сатып алу үшін бірігіп жатыр

Мәміле сомасы – 5,5 миллиард АҚШ доллары

Ануар Маратов

Еуропа мемлекеттерінің коалициясы Украинаның ірі қалаларына ресейлік әуе шабуылдарының толқыны аясында 1000-ға дейін Patriot зениттік зымырандарына бірлесіп тапсырыс берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілішсі Defence News-ке сілтеме жасап.

НАТО-ның Қолдау және сатып алу агенттігі Германия, Нидерланды, Испания және Румыния қатысатын сатып алуға қолдау көрсетеді. Агенттік MBDA Germany және американдық RTX (Raytheon Technologies) бірлескен COMLOG компаниясымен 5,5 миллиард долларлық қару-жарақ өндіруге және жеткізуге келісімшарт жасасты.

Келісімге сәйкес, егер барлық нұсқа жүзеге асырылса, төрт ел 1000 данаға дейін Patriot әуе қорғаныс зымырандарын сатып алады. Жеткізу мерзімі көрсетілмеген.

«Келісімшарт Еуропадағы өнеркәсіпті және әскери әлеуетті нығайтады. Тапсырыстар көлемі MBDA-ға Германияда Patriot зымыран өндірісін, сондай-ақ негізгі компоненттерді өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деді MBDA Germany басқарушы директоры Томас Готтшильд.

Неміс-американдық бірлескен кәсіпорын отыз жылдан аса уақыт бойы PAC-2 зымырандарына материалдық-техникалық қолдау көрсетіп келеді. Оның негізгі тапсырыс берушісі – басқа еуропалық Patriot пайдаланушылары мен АҚШ армиясының атынан әрекет ететін НАТО-ның Қолдау және сатып алу агенттігі.

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13