Мәскеу Ереван мен Бакуге бейбітшілік келісімі бойынша көмектесуге дайын –  Песков

Бірақ Ресей делдалдық жасамайды

Нұрдәулет Кәкіш

Ресей Армения мен Әзербайжанға бейбіт келісім жасасуға көмектесуге дайын, бірақ делдалдық жасамайтынын айтты Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Известияға» берген сұхбатында ол Санкт-Петербургтегі ТМД елдері көшбасшыларының бейресми саммиті, әсіресе бейбіт келісім бойынша жұмысты аяқтайтын армян премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті қолдауға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

«Екі тарап та соңғы уақытта бірнеше рет бейбітшілік келісіміндегі жұмысты аяқтауға дайын екендіктерін жариялады. Ресей оларға көмектесуге, бұл жағдайды құптауға дайын. Бірақ, әрине, біздің екі серіктесіміз, одақтасымыз тек ТМД шеңберінде ғана емес, сонымен бірге біздің дамыған екіжақты қарым-қатынастарымыз тұрғысынан да осы шартты мүмкіндігінше тезірек жасасуы өте маңызды. Бұл Кавказдағы бейбітшілік, тұрақтылық атмосферасын қамтамасыз етеді. Біз үшін мұның маңыздылығы жоғары», - деді Песков.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13