Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға дайын

ХАМАС қақтығысты толығымен тоқтату кепілге алынған адамдарды босатудың алғышарты екенін мәлімдеді

Админ

Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатып, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысты жаңа келісімге дайын, дегенмен бұл қалай жүзеге асырылатыны туралы әлі де келіспеушіліктер бар, деп хабарлайды Sarbaz.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Бейбітшілікке деген үміт сенбіде пайда болды, дереккөздің хабарлауынша Израиль барлау бөлімінің бастығы жұма күні Катар премьер-министрімен сөйлесті. ХАМАС кепілге алынғандардың тізімін өзі анықтап, Израиль әскерлерінен алдын-ала белгіленген жерден шығуды талап етіп жатыр", - делінген хабарламада.

Басылымның ақпаратынша, Израиль тізімді ХАМАС анықтауына келіскен, бірақ атысты тоқтату уақыты мен ұзақтығын анықтамас бұрын тізімді көргісі келген және әскерді шығарудан бас тартқан.

ХАМАС, керісінше, атысты толығымен тоқтату кепілге алынған адамдарды босатудың алғышарты екенін мәлімдеді.

Израиль армиясының ресми өкілі контр-адмирал Даниэль Хагари: "ЦАХАЛ-дың (Израиль қорғаныс армиясы) басты міндеті ХАМАСты толығымен жою екенін нақты айту маңызды", - деді.

ХАМАС өкілі Сами Әбу Зухри "Біз Израиль агрессиясын тоқтатуға бағытталған кез келген келіссөзге ашықпыз. Бұл кез келген пікірталастың негізі" деп мәлімдеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13