Израильдің әскери авиациясы Газа секторындағы ең үлкен мешітті қиратты

Омар мешіті 1400 жылдан астам уақыт бұрын салынған

Админ

Палестина қауіпсіздік органдарындағы дереккөздерінің хабарлауынша, жұма күні Израиль әскери ұшақтары Газа қаласындағы ең көне әрі ең үлкен мешітті қиратты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

«Газа секторындағы ең үлкен, ең көне мешіт саналатын Омардың Үлкен мешіті Израиль әскерінің шабуылынан кейін қирап қалды», - деп хабарлады Синьхуа ақпарат көздері.

Аумағы шамамен 4 100 шаршы метрді құрайтын Омар мешіті 1400 жылдан астам уақыт бұрын салынған. 

ХАМАС Израильдің «Газа қаласындағы маңызды тарихи ескерткіштер мен діни орындарға» жасаған шабуылдарын айыптап, Израиль армиясының осы уақытқа дейін Газа секторындағы 104 мешіт пен 3 шіркеуді қиратқанын атап өтті.

Палестинаның Мәдениет министрі Атеф Әбу Сейфтің айтуынша, Израиль шабуылдары Газа қаласының ескі кварталының көп бөлігін, соның ішінде тарихи ғимараттар, мешіттер, мұражайлар және археологиялық орындардың күл-талқанын шығарды. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13