Иран Ресейге баллистикалық зымырандарын жеткізуге дайындалып жатыр ма?

Ресей мен Иран арасындағы әскери-техникалық әріптестік ұлғайып жатыр

Иран Ресейге қысқа қашықтықтағы зымырандарды жіберуге дайындалып жатыр ма? Бұл туралы Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби ерекше мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Қыркүйек айында Тегеранға сапары кезінде Иран Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға Ababil және Fateh-110 зымырандарын көрсеткен. Осыдан кейін Джон Кирби Вашингтон бұл мәселе алаңдаушылық тудыратынын атап өтті.

Ақ үй өкілі Иран Ресейге Украинада пайдалану үшін баллистикалық зымырандар беруді қарастырып жатыр деп санайды.

Ақ үй сонымен бірге Иран Ресей Федерациясының маңызды серіктесі болып, осы қатынастардан пайда көретіндігін атап өтті.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі спикерінің айтуынша, Ресей Иранға спутниктерді құрастыру мүмкіндіктерін жақсартуға көмектеседі және елге зымырандар, әуе қорғанысы жүйелері мен әскери электроника ұсынады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13