БҰҰ Бас хатшысы Газа секторына гуманитарлық көмекке 1,2 млрд доллар жинауға шақырды

Оның сөзінше, бұл сома 2,7 млн адамға көмек көрсетуге жеткілікті

Газа секторына көмек көлемін дереу арттыру қажет. Бұл туралы брифингте айтқан БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш осы мақсатта 1,2 млрд доллар жинауға шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы мен серіктестеріміз 2,7 млн адамға көмектесу үшін 1,2 миллиард долларлық гуманитарлық көмек жинауды бастады. Бұл – Газа секторының бүкіл халқы және Батыс жағалаудағы жарты миллион палестиналық, оның ішінде Шығыс Иерусалим тұрғындарының саны», - деді Гутерриш.

Оның айтуынша, кейбір гуманитарлық көмек Египеттен Газаға Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы жеткізіледі.

«Дереу атысты, адамгершілікке жатпайтын ұжымдық азапты тоқтату керек. Газаға гуманитарлық көмекті кеңейту қажет. Барлық тараптар өз міндеттемелерін және халықаралық гуманитарлық құқық қағидаттарын сақтауы керек. Газаға қауіпсіз, жылдам әрі қажетті мөлшерде көбірек азық-түлік, көбірек су, көбірек дәрі-дәрмек, отын жеткізу қажет», - деді БҰҰ Бас хатшысы.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13