Газа секторында 7 қазаннан бері БҰҰ-ның 79 қызметкері қаза тапты

Тағы 24-і жараланды

Нұрдәулет Кәкіш

ХАМАС тобы мен Израиль арасындағы қақтығыстың күшеюі басталғаннан бері Газа секторында БҰҰ-ның 79 қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсететін Таяу Шығыстағы агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 қазаннан бері БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсететін Таяу Шығыстағы агенттігінің 79 қызметкері қаза тауып, 24-і жараланды», - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

Агенттік сонымен қатар қазіргі уақытта Газадағы хабар-ошардың үзілуіне байланысты қызметкерлерінің көпшілігімен байланысу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлады.

«Дәл қазір Газа секторында байланыс үзілді. Біздің команда мүшелерінің басым көпшілігімен байланысу мүмкін болмай отыр», - делінген БҰҰ агенттігінің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Агенттік дерегінше, бұл – 10 күн ішінде анклавтағы байланыстың үшінші рет үзілуі.

«Газа тұрғындары өздерінің жақындарынан және бүкіл әлемнен мүлдем ажыратылған», - деп қосты агенттік.

7 қазанда Газада орналасқан радикалды ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасап, 1,4 мыңнан аса израильдік құрбан болды. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс Армиясы ХАМАС-қа қарсы соғыс жариялады. Салдарынан 9 мыңнан аса палестиналық көз жұмды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13