Ташкентте өңірлік қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстандағы ахуал талқыланды

Оған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов қатысты

Sarbaz.kz редакторы
29/09/2023 - 18:35

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов өзбек тарапының шақыруымен Ташкентте өткен Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттері бас штабтары бастықтарының конференциясына қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің АҚШ Орталық қолбасшылығымен бірлесіп ұйымдастырған конференциясы барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуалды ескере отырып талқыланды.

Іс-шара аясында ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін екіжақты кездесулер өткізілді.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4