Өзбекстандағы жойқын жарылыс: 1 адам қаза тауып, 160-тан аса адам жараланды

138 адамға медициналық көмек көрсетілді

Sarbaz.kz редакторы
28/09/2023 - 21:52

Фотолар ашық дереккөзден

Фотолар ашық дереккөзден

Өзбекстанның Ташкент қаласындағы қоймалардың бірінде болған жойқын жарылыс пен өрттен бір жасөспірім қаза тауып, 163 адам жараланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ресми мәліметті Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі таратты.

«Зардап шеккендердің ішінде Республикалық шұғыл медициналық жәрдем орталығы мен оның Ташкент облысы бойынша филиалына, Ташкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына, №1 қалалық перзентханаға, республикалық және қалалық клиникалық ауруханаларға 24 адам жатқызылды», - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша 138 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Айта кетейік, Ташкенттегі қоймалардың бірінде жойқын жарылыс болғанын осыған дейін хабарлағанбыз.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41