Болгарияда бомба тәрізді затпен құлаған дрон табылды

Дронның жағалауға ұшу кезінде құлағаны, әлде ағынмен келіп жеткені белгісіз

Sarbaz.kz редакторы
18/09/2023 - 21:13

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Болгарияның Қорғаныс министрлігі Қара теңіз жағалауында бомба тәрізді затпен құлаған дронды тексеру үшін саперлерді жіберді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін таңғы сағат 06:10-да бес әскери қызметшіден құралған арнайы бөлімше нысанды тексереді, содан кейін оны залалсыздандыру орны туралы шешім қабылданады», – деді қорғаныс министрлігі.

Добрич облысындағы Тюленово ауылының маңында қауіп-қатер тудыруы мүмкін дрон табылғаны жайында түнде жергілікті тұрғындар хабарлаған. Оқиға орны қоршауға алынды.

Дронның жағалауға ұшу кезінде құлағаны, әлде ағынмен келіп жеткені белгісіз. Желіге тараған суреттерде аппаратқа жарылғыш затқа ұқсас әлдене жабыстырылғаны байқалады.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07