Велотуризмді насихаттау: Түркияда EuroVelo & Cycling Tourism конференциясы өтеді

Конференция қазан айында өтеді

Sarbaz.kz редакторы
17/09/2023 - 20:33

Измирде 12-13 қазанда велотуризмді насихаттауға арналған EuroVelo & Cycling Tourism конференциясы өтеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл – әлемнің әр аумағынан Еуропадағы велотуризмді дамытуға арналған ең ауқымды шаралардың бірі.

Түркия туризм министрлігі, Туризмді дамыту агенттігі (TGA), Еуропалық велосипедистер федерациясы ұйымдастыратын EuroVelo конференциясына велотуризм сарапшылары, халықаралық велосипедистер ассоциациясы, транспорттық компаниялар, мемлекеттік органдар т.б. өкілдері қатысады.

EuroVelo & Cycling Tourism 2023 конференциясының тақырыбы: «Велоспорт: мұраға жаңаша көзқарас» деп аталады. Сессиялар мен семинарларда велотуризм, велосипед жолдары, спорттық ерекшелігі жайлы мағлұмат береді.

×

Редакция

$ 485.04  525.98  5.04