Литва ресейлік телеарналарды көруге мүмкіндік беретін 53 IP мекенжайды бұғаттайды

Интернет-провайдерлерге тиісті нұсқаулар жіберілді

Нұрдәулет Кәкіш
15/09/2023 - 18:10

Фото: migronium.com

Фото: migronium.com

Литваның телевизия және радиохабарлары жөніндегі комиссиясы республикада трансляциялауға тыйым салынған негізгі ресейлік телебағдарламаларды көруге мүмкіндік беретін 53 IP мекенжайды бұғаттау туралы шешім қабылдады. Интернет-провайдерлерге тиісті нұсқаулар жіберілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BNS-ке сілтеме жасап.

Комиссия мониторинг барысында түрлі ресейлік телебағдарламалардың, оның ішінде Еуроодақ мақұлдаған санкцияларға жататын бағдарламалардың тікелей көрсетілімдерін көру мүмкіндігін анықтағанын хабарлады.

Мұндай бағдарламаларға ресейлік Russia Today, «Спутник», «Россия РТР/РТР Планета», «Россия 24/ Russia 24», TV Center International, «НТВ/НТВ Мир», «Россия 1», «РЕН ТВ», «Первый канал» телеарналары кіреді.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16