Оңтүстік Корея Ресейге қарсы санкциялар енгізуі мүмкін

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Пак Чин мәлім етті

Нұрдәулет Кәкіш
15/09/2023 - 17:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Оңтүстік Корея Ресейге қатысты әртүрлі шараларды, оның ішінде Ресей Федерациясы мен КХДР қару-жарақ мәмілелерін жасасқан жағдайда санкцияларды қабылдайды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Пак Чин мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз барлық мүмкін шараларды қарастырып жатырмыз», - деді ол журналистің «Сеул Солтүстік Кореяға да, Ресейге де санкциялар салуды қарастырып жатыр ма?» деген сұрағына жауап ретінде.

Солтүстік Корея басшылары саммитінің нәтижелері бойынша Ресеймен қару-жарақ саудасына қатысты кез келген келісімге қол жеткізуі Корей түбегіндегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке өте үлкен қауіп төндіреді», - деп атап өтті дипломат.

Пак Чин Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы қару-жарақ саудасын қоса алғанда, әскери ынтымақтастық БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Пхеньянға қатысты тиісті қаулыларын бұзатынын да тілге тиек етті.

«Үкімет қатаң ескерту жасайды және мұндай әрекеттерге жол бермеуге шақырады», - деді министр.

Бұған дейін Оңтүстік Корея премьер-министрі Хан Док Су КХДР мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастығының ықтималдылығына алаңдаушылық білдірген болатын.

«Біз Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың жақындасқанына куә болып отырмыз. Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық мүмкіндігі туралы жаңалықтар дабыл қағуда», - деді ол.

Сонымен қатар бұрнағы күндері Жапонияның Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Йоко Камикава БҰҰ-ның Солтүстік Кореямен қару-жарақ келісімдері туралы қарарларын бұзудан сақтандырған.

«Біз келіссөздерді алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Соның ішінде бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын Солтүстік Кореямен қару-жарақпен байланысты барлық мәмілелер бойынша бұзуы мүмкін»,-деді Камикава баспасөз мәслихатында.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91