Кремль бұл сапарды ресми түрде жариялаған жоқ
Александр Лукашенко Ресейге жұмыс сапарымен барды, оның Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Сапардың негізгі бөлігі Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер бойынша өтеді. Келіссөз мемлекет басшыларының бұған дейін кестеге сәйкес жоспарлаған күні – 15 қыркүйекте болады», – деп жазылған «Пул Первого» телеграм-арнасында.
Путин мен Лукашенко өңірлік проблемалар мен халықаралық күн тәртібін, сондай-ақ экономикадағы ортақ міндеттерді талқылайды.
Кремль бұл сапарды ресми түрде жариялаған жоқ.