Путин мен Ким Чен Ын «Восточный» ғарыш айлағында кездесті

Олар ғарыш айлағын аралады

Sarbaz.kz редакторы
13/09/2023 - 18:37

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин мен КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын «Восточный» ғарыш айлағында кездесті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жұмыстың көптігіне қарамастан, бізді шақырғаныңызға рахмет»,  – деді Солтүстік Корея көшбасшысы Путинге.

Кездесу рәсімі бірыңғай техникалық кешеннің зымыран тасығыштарын монтаждау-сынау корпусының басты кіреберісінде өтті. Мемлекет басшылары алдымен ғарыш айлағын аралап, одан соң келіссөздер жүргізеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53