Оңтүстік Корея АҚШ-пен қауіпсіздік бойынша бірқатар кеңес өткізеді

Бұл келіссөздер КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның Ресейге сапары төңірегінде болады

Sarbaz.kz редакторы
13/09/2023 - 16:19

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Алдағы күндері қауіпсіздік мәселелерін талқылау мақсатында бірнеше америкалық жоғары лауазымды шенеунік Сеулге ат басын тірейді. Бұл келіссөздер КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның Ресейге сапары төңірегінде болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Пентагон АҚШ Қорғаныс министрінің саясат жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Саша Бейкер алдағы күндері Сингапур мен Оңтүстік Кореяға баратынын хабарлады.

«Оңтүстік Кореяда ол біздің корей әріптестерімізбен кеңейтілген тежеу стратегиясы және консультациялар тобының төртінші кездесуінің тең төрағасы болады. Ол сондай-ақ Үкімет мүшелерімен және әскери басшылармен кездесіп, қазіргі қауіпсіздік жағдайын талқылайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қыркүйектің басында АҚШ Мемлекеттік департаменті кездесуде америкалық тарапты Мемлекеттік хатшының қару-жарақты бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Бонни Дженкинс ұсынатынын хабарлады.

Yonhap News АҚШ сауда министрінің орынбасары Дон Грейвс келесі аптада Оңтүстік Корея мен Жапонияға баратынын атап өтті. Ол Оңтүстік Корея билігімен қазіргі уақытта Ресейге қатысты экспорттық бақылауды күшейту жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43