Жойқын дауыл мен су тасқыны: Ливияда қаза тапқандар саны 6 мыңға жуықтады

Су тасқынынан Ливияның Дерна қаласы ең көп зардап шекті

Sarbaz.kz редакторы
13/09/2023 - 15:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 6 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Al Hadath телеарнасы таратқан хабарға сүйенер болсақ, 10 мыңнан аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қазір елдегі жағдай апатты күйде. Су тасқынынан Ливияның Дерна қаласы ең көп зардап шегіп отыр, бұл қалада екі бөгет бұзылған. Тұрғын үйлер, ауруханалар және басқа да маңызды әлеуметтік нысандар су астында қалды.

Ливия билігі табиғи апатпен күреске мүмкіндіктері келмей отырғандарын мәлімдеп, халықаралық көмекке мұқтаж екендерін хабарлады. Ливияның шығысы табиғи апат аймағы деп жарияланды.

Айта кетейік, Ливияның шығысында «Дэниель» циклоны салдарынан дауыл тұрған еді. Осыған дейін 2 мыңға жуық адам қаза тауып, жеті мың адам жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91