Ливияда жойқын дауыл соғып, жүздеген адам қаза болды

Дерна шаһарынан бөлек елдің шығысындағы Бенгази, Сус және Аль-Мадж қалалары да зардап шекті

Sarbaz.kz редакторы
12/09/2023 - 17:04

Ливияда Даниэль дауылының салдарынан 150-ден 200-ге дейін адам көз жұмды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда, Ливияның шығысындағы мойындалмаған үкімет жетекшісі қаза тапқандар саны 2000-нан асады, деп мәлімдеді.

Жексенбіде елде жойқын «Даниэль» дауылы соқты, нәтижесінде билік төтенше жағдай жариялап, халықаралық көмек сұрады. Киренаика аймағы апат аймағы деп жарияланды.

«Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, америкалық-ливиялық қатынастар жөніндегі ұлттық кеңестің президенті Хани Шенниб өз кезегінде Дерна қаласы әлемнен мүлдем алшақтап кеткенін айтты. 100 мың тұрғыны бар қалада қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Дерна шаһарынан бөлек елдің шығысындағы Бенгази, Сус және Аль-Мадж қалалары да зардап шекті.

Ливия армиясының жеті сарбазы құтқару жұмысы кезінде жоғалып кетті.

Ливияның шығысында билік коменданттық сағат енгізіп, мектептер мен дүкендерді жабуды бұйырды.

150 адам қаза болғаны жарияланғаннан кейін көп ұзамай елдің шығыс бөлігінің премьер-министрі Усама Хамад Ливия телеарнасына «із-түзсіз жоғалғандар мыңдап, қаза тапқандар саны 2 мыңнан асады» деді.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4