Оңтүстік Корея мен Ресей Сыртқы істер министрлері КХДР мен екіжақты қатынасты талқылады

Сыртқы істер министрлері Үндістандағы G20 «алаңында» кездесті

Sarbaz.kz редакторы
11/09/2023 - 15:58

Фото: РИА

Фото: РИА

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі Пак Чин мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Корей түбегіндегі аймақтық қауіпсіздік пен екі ел арасындағы қатынасты талқылады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлері жексенбіде Үндістандағы G20 «алаңында» кездесті.

Кездесу барысында Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын сақтай отырып, Ресей мен КХДР арасындағы қатынас Корей түбегінде және Шығыс Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылыққа жәрдемдесу бағытында дамуы тиіс екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Солтүстік Корея мәселесін шешу үшін Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ынтымақтастыққа шақырды.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91