Солтүстік Корея алғашқы тактикалық ядролық сүңгуір қайығын су астына жіберді

Сынақтан өту үшін теңізге жіберіледі

Sarbaz.kz редакторы
08/09/2023 - 17:28

Фото: vok.rep.kp

Фото: vok.rep.kp

КХДР тактикалық ядролық қарумен жабдықталған ең жаңа сүңгуір қайығын су астына жіберді. Бұл туралы «Корея дауысы» радиостанциясы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның айтуынша, алдағы КХДР-дың білім күніне арналған салтанатты шараға елдің көшбасшысы Ким Чен Ын қатысты.

Сонымен қатар, бұл Солтүстік Кореяның тактикалық ядролық қарумен жабдықталған алғашқы сүңгуір қайығы екені атап өтілген. Жаңа сүңгуір қайық енді сынақтан өту үшін теңізге шығуға дайындалып жатқаны нақтыланды.

Бір күн бұрын КХДР-дың Ресейдегі елшісі Син Хонг-чоль Солтүстік Кореяның «ядролық қаруға қарсы ядролық қару» саясатын ұстанатынын және АҚШ-тың аймақтағы текетіресіне жауап беретінін айтты.

7 қыркүйекте Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл Джакартадағы Шығыс Азия саммиті аясында КХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламаларының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы барлық елге қауіп төндіретінін жариялап, Пхеньянның әрекетін сынға алды.

Бұған дейін Пхеньян АҚШ билігін стратегиялық ядролық қару мен АҚШ-тың ядролық қаруы бар суасты қайықтарын көрші Корея Республикасында орналастыру жоспарына байланысты Корей түбегінде шиеленіс тудырды деп айыптаған.

Бұған дейін Солтүстік Корея имитациялық тактикалық ядролық соққы жасаған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85