Өлі теңіздің жанындағы үңгірден ежелгі қылыштар табылды

Олар бұл орында 1900 жыл жатқан деп есептелінеді

Sarbaz.kz редакторы
07/09/2023 - 23:33

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Израиль археологтары Өлі теңіз аймағындағы үңгірлердің бірінен біздің заманымыздың 2 ғасырындағы римдіктерге қарсы еврейлер көтерілісі кезіндегі көне қылыштарды тапты. Израильдің көне жәдігерлер басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеме таратты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көне қарулар Өлі теңізге жақын маңдағы Эйн-Геди қорығының үңгірінен табылған. Ол жерден төрт қылыш (оның үшеуі ағаш қынапта) және найзаның ұшы табылды, олар бұл орында 1900 жыл бойы жатқан деп есептеледі. Ғалымдардың пайымдауынша, қару римдіктерге тиесілі болған, бірақ әскери олжамен бірге еврей көтерілісшілерінің қолына түсіп, оны Өлі теңіздің жанындағы шағын үңгірдегі жыраға жасырған.

Археологтар атап өткендей, мұндай бір қылыштың жақсы күйде табылуы зерттеушілер үшін сирек кездеседі.

Үңгірдің кіреберісіне қару-жарақпен қоса Шимон Бар Кохба (б.з. 132-135 ж.) бастаған еврейлер көтерілісі кезіндегі қола тиын табылды. Дәл осы уақытта, ғалымдардың пікірінше, бүлікшілер римдіктерден қайтарып алған және алдағы шайқастарда қолдануға арналған қару-жарақ қоймасы жасалуы мүмкін еді.

Бар Кохба бастаған еврейлердің көтерілісі Рим императоры Адрианның тұсында (б.з. 117-138) болған. Бұл ежелгі еврейлердің өз мемлекеттілігін қалпына келтірудегі соңғы әрекеттерінің бірі еді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85