Делиде 20 жылда болмаған жауын жауды: екі адам қайтыс болды

Синоптиктердің болжамынша Үндістан астанасында қатты жаңбыр кем дегенде әлі 3 күнге созылады

Ұлас Үсенбай
10/07/2023 - 16:22

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Үндістан астанасы Делиде 20 жылда болмаған жауын жауып, қаланың басым бөлігі су астында қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғат апаты салдарынан кемінде 15-ке жуық ғимарат құлап, тас жолдардың талқаны шыққан. Екі адам қайтыс көз жұмды. Делидің іскерлік және коммерциялық аудандарының бірі – Коннот Плейс қатты зардап шекті. Сенбі күні басталған жауын мөлшері тоғыз сағат ішінде 125 мм-ге жеткен.

Үндістанда соңғы рет мұндай  толассыз жаңбыр 2003 жылы тіркелген. Ал рекорд 1948 жылға тиесілі, бір күнде 266 мм жауын-шашын жауған. Осыған дейін бұл елде найзағай түсуінен 12 адам қаза тапқан болатын. Бұл Бихар провинциясында болған.

Синоптиктердің болжамынша Үндістан астанасында қатты жаңбыр кем дегенде әлі 3 күнге созылады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85